Геннадий Головкин Назарбаев Университетiнде қазақстандық жанкүйерлерімен жүздеспек - kaz.caravan.kz
  • $ 487.17
  • 565.65
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Геннадий Головкин Назарбаев Университетiнде қазақстандық жанкүйерлерімен жүздеспек

Геннадий Головкин Назарбаев Университетiнде қазақстандық жанкүйерлерімен жүздеспек

Геннадий Головкин Қазақстандағы жанкүйерлерін 22 қараша күнi Назарбаев Университетiнде жинамақ. Бұл туралы ВКонтакте желiсiндегi GGG қауымдастығының парақшасында хабарланды. 

  • 19 Қараша 2014
  • 339
Фото - Caravan.kz


"Барлықтарыңызды 22 қарашада Назарбаев Университетiне Геннадий Головкинмен болатын кездесуге шақырамыз", — делiнген хабарламада. 

Онда мәлiм етiлгендей, Мексикада WBC мен HBO-ның ұйымдастыруымен бiрқатар шаралар өтпек, сонымен қатар ақпан айында келесi жекпе-жек жоспарланғандықтан, жаттығуға кiрiсу керек болып отыр. Бұл жағдайлар Г.Головкиннiң жоспарларына өзгерiстер енгiздi. 

"Сондықтан жанкүйерлермен кездесу тек Астанада және келесi аптаның соңында болады. Геннадий Головкин Қазақстанға бұдан соң қашан келетiнiн де нақтылаған жоқ. Бiр анығы, ол тек 2015 жылы болуы мүмкiн. Сол себептен сiздердi 22 қарашада күтемiз. Сүйiктi боксшыларыңызбен бетпе-бет жүздесу мүмкiндiгiн жіберіп алмаңыздар!", — деп нақтыланған парақшада.