Алдағы үш күнде Қазақстанның барлық аймақтарында күн аязды болады - Қазгидромет - kaz.caravan.kz
  • $ 487.17
  • 565.65
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алдағы үш күнде Қазақстанның барлық аймақтарында күн аязды болады - Қазгидромет

Алдағы үш күнде Қазақстанның барлық аймақтарында күн аязды болады - Қазгидромет

«Қазгидрометтің» хабарлауынша, жақын үш күнде Қазақстанның барлық облыстарында аязды болады.

  • 19 Қараша 2014
  • 360
Фото - Caravan.kz

20 қарашаға дейін берілген ауа райы болжамында солтүстік, орталық және шығыс облыстарда жер-жерлерде қар жауып, бұрқасын болатыны, солтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғатыны, сондай-ақ түнде ауа температурасының 13-23 градусқа дейін төмендейтіні болжанады. Күндізгі ауа температурасы шамамен 5-10 градус суықты көрсетеді.

Республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығысында жауын-шашын, көбінесе қар жауады, кейбір жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады.

«Бұлттың және жауын-шашынның әсерінен түнгі және күндізгі ауа температурасы бірдей болады — түнде шашамен 0-8 градус суық болса, күндіз температура 2 градус жылыдан 5 градус суыққа дейін ауытқиды», — деп хабарлайды синоптиктер.


Батыс облыстар антициклонның ықпалында болғандықтан бұл жерлерге де аяз түседі — түнде 8-18, күндіз 2-10 градус суық болады.