Колледждегі жарылыстан зардап шеккен бес адамның жағдайы ауыр, бірақ тұрақты - kaz.caravan.kz
  • $ 487.17
  • 565.65
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Колледждегі жарылыстан зардап шеккен бес адамның жағдайы ауыр, бірақ тұрақты

Колледждегі жарылыстан зардап шеккен бес адамның жағдайы ауыр, бірақ тұрақты

 Дәрігерлер Алматы сән және дизайн колледжінде болған граната жарылысынан кейін ота жасалған бес адамның жағдайын ауыр,

  • 19 Қараша 2014
  • 395
Фото - Caravan.kz


бірақ тұрақты деп отыр, дейді қалалық денсаулық сақтау басқармасы.
Жан сақтау бөлімінде жатқан үш науқас аппараттан шығарылды, олардың өздігінен тыныс алады, екі науқас аппаратта жатыр.
Бұрын хабарланғандай, дүйсені күні Сән және дизайн колледжі ғимаратында бастауыш әскери дайындық сабағында граната жарылған. Төтенше жағдай салдарынан студенттердің бірі қайтыс болған, он екі адам жарақат алып ауруханаға түскен. Бес адамға ота жасалды. Қалған жетеуі Травматология, нейрохирургия және хирургия бөлімшелерінде жатыр.