ҚР экс-премьері Серік Ахметов «үй қамаққа» алынды - kaz.caravan.kz
  • $ 487.17
  • 565.65
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР экс-премьері Серік Ахметов «үй қамаққа» алынды

ҚР экс-премьері Серік Ахметов «үй қамаққа» алынды

ҚР бұрынғы Премьер-Министрі Серік Ахметовке сыбайлас жемқорлық фактісі бойынша айып тағылды, деп хабарлады ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметінен.

  • 19 Қараша 2014
  • 1036
Фото - Caravan.kz

Агенттік Қарағанды облысы мен қаласының, «Сарыарқа» ӘКК» ҰК, «Металлургия-Металл өңдеу» индустриялық паркі АЭА, «ҚазАгроФинанс» АҚ бұрынғы басшылары: Б. Әбдішев, М. Смағұлов, А.Эссе, Ғ. Рақымжанов және басқа да тұлғаларға қатысты сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша бірқатар аса ауыр қылмыстық істерді тергеуде.

Тергеу істерінің аясында сондай-ақ Қарағанды қаласының Қазыбек би аудандық соты 1958 жылы туылған Ахметов Серік Нығметұлына айып тағып, оған қатысты үй қамаққа алу бұлтартпау шарасы қолданылды.


Қалған ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жарияланбайды.