«Аптаның соңына дейін еліміздің барлық өңірінде сынап бағанасы нөлден төмен болады», — дейді Қазгидромет мамандары. Бұл — арктикалық ауа массаларының ағыны есебінен болатын құбылыс. Аязды күндерге, әсіресе, еліміздің орталық және шығыс аймақтары дайын болғаны дұрыс. Мұнда ауа температурасы 15-23 градусқа дейін төмендейді. Ал, солтүстікте жауын жауып, желдің екпіні күшеюі ықтимал.
— Еліміздің батыс өңірлерінде ауа температурасы 7-15 градус аяз шамасында болмақ, ал оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерінде 3-11 градус аязға дейін төмендейді. Ал еліміздің солтүстік өңірінде кезекті циклонның әсерінен кей жерлерде жауын-шашынды күн райы байқалып, желдің жылдамдығы күшейеді, — деді «Қазгидромет» РМҚК орталығының инженері Әлия Оспанова,