Павлодарда 22 жастағы қыз екі ер азаматты пышақтап өлтірген - kaz.caravan.kz
  • $ 487.17
  • 565.65
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A

Павлодарда 22 жастағы қыз екі ер азаматты пышақтап өлтірген

Павлодарда 22 жастағы қыз екі ер азаматты пышақтап өлтірген

Қанды оқиға қаладағы пәтерлердің бірінде болды. Онда  жігітімен қонаққа барған қыз үй иесімен қосылып ішімдік ішкен. Ащы суға қызған жігіт ағасы қызға тиіскен көрінеді.

  • 20 Қараша 2014
  • 253
Фото - Caravan.kz

Күдікті ар-намысымды қорғау үшін қолым қанға малынды деп отыр.  Кездесіп жүрген жігіті алғашында сөз, кейін қол сала бастаған үй иесінен оны қорғауға тырыспаған екен. Бұған ызаланған қыз алдымен 23 жастағы  жігітін, кейін 54 жастағы ер адамды пышақтап тастаған. Бұдан бұрын да бұзақылық жасағаны үшін істі болған қыз таң ата қолға түсіп, қамауға алынды.

Баян Мағзұмова, Павлодар облыстық ІІД баспасөз хатшысы:


-Әйел сол үйде жалаңаш жүреді. Жалаңаш жүргеннен кейін үйдің  иесі сөз айтады. Сөз айтты деп  ол келген жолдасына «неге сен арашаламайсың» деп шағымданады. Ешнәрсе істей алмағаннан кейін әйел пышақты алады да, әуелі өзінің жолдасына, одан кейін сол үйдің иесіне екі жерден пышақ салып, сол жерден кетіп қалады.