Семейде жолдар жабылды - kaz.caravan.kz
  • $ 487.17
  • 565.65
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейде жолдар жабылды

Семейде жолдар жабылды

Қыстың қытымыр мінезі еліміздің шығысында бой көрсетуде. Толассыз жауған қар мен дүлей жел кесірінен Семейден шығатын жолдарға бөгет қойылды. Қарға адым жер көрінбейтін боранда 9 малшы адасып кеткен.

  • 20 Қараша 2014
  • 169
Фото - Caravan.kz

Полиция қаладан шыға беріс жолдарды жауып, боран басылғанша көліктерді сыртқа жіберген жоқ. Мұнда өзге елді мекендерге асыққан жеңіл машиналардан бөлек, жүк көліктері мен автобустардан кептеліс пайда болды. Адасқан 8 бақташы қазір табылды. Біреуі  арнайы техникамен іздестірілуде. Алдарындағы 500 бас төрт-түлік те жоқ. Түн ортасына таман боран бәсеңсіп, қалааралық жолдар  ашылды. Десе де, жүк тасумен айналысатындар шығынға баттық деп отыр.


Олег Аверкович, көлек жүргізушісі:

-Біз тауарды жылдам апарсақ, ақшамызды толықтай аламыз. Кешіксең, сәйкесінше ақы қысқарады. Ауылдарда тауар тосып тұрғандары тағы бар. Енді не істерімді білмеймін!