Үндістанда 4 аяқты, 4 қолды нәресте дүниеге келді - kaz.caravan.kz
  • $ 487.17
  • 565.65
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үндістанда 4 аяқты, 4 қолды нәресте дүниеге келді

Үндістанда 4 аяқты, 4 қолды нәресте дүниеге келді

 Үндістанның Баруйпур қаласында төрт аяқты, төрт қолды нәресте дүниеге келді, ата-аналары баланы Құдай-бала (God Boy) атады, деп жазады Newsru.com.

  • 20 Қараша 2014
  • 419
Фото - Caravan.kz

Кейбір жергілікті тұрғындар баланы Жоғары әлемнің реинкарнациясы деп қабылдауда. Үндістанда құдайлар, атап айтқанда ұлы Брахму құдайдың бірнеше қолдары мен бірнеше бастары болған. Төрт қолы болған ғарыштық күш иесі Шива бейнесі де осыған ұқсас болған.

Британдық  The Daily Mail басылымы Үндістан телевидениесіне сілтеме жасап,  ата-анасы бірнеше аяқ-қолмен туған баласы үшін қуанышты екендіктерін хабарлады, ал жергілікті тұрғындар бұл жағдайға  алаңдаушылық танытуда.   

«Дүниеге келген кезде өз көзімізге өзіміз сенбедік, деп  аты аталмаған ата-аналарының сөзін келтіреді басылым, — бұл тағдыр сыйы. Құдайдың ұлы».

Құдай-бала дүниеге келді деген сыбыс тарағанда, дін ұстанушылар баланы көруге асықты. Полицияға ауруханаға   келген жүздеген адамды тежеу үшін қауіпсіздік шараларын күшейтуге тура келді. Олардың кейбірі көз жастарына ерік берсе, кейбірі дұға оқуда, деп атап өтті басылым.


Дәрігерлер оның артық аяқ-қолын дамымай қалған сыңар ағасының мүшелері деп болжауда.