Бүйрек қызметін тоқтататын қатерлі дерттерден қалай қорғану керек? - kaz.caravan.kz
  • $ 487.17
  • 565.65
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бүйрек қызметін тоқтататын қатерлі дерттерден қалай қорғану керек?

Бүйрек қызметін тоқтататын қатерлі дерттерден қалай қорғану керек?

Тұзды тағамға көп қосу денсаулық үшін зиян, бұл әсіресе жүрек-тамыр жүйесінің проблемалары бар адамдар үшін қауіпті. Ал жаңа зерттеу тұздың тікелей бүйрекке әсер ететінін көрсетті, деп жазады Micrifinance Monitor.

  • 20 Қараша 2014
  • 487
Фото - Caravan.kz

Егер адам орташа есеппен алғанда күніне 4,7 грамм тұз тұтынса, бұл бүйрекке зиян келтірудің қаупін өсіреді. Кейбір кезде кері әсердің үлкен болатыны соншалық, диализден өту қажет болады. Тұзды пайдаланудың орташа статистикалық көрсеткіші күніне шашамен 2 грамды құрайды.

Ирландия Ұлттық университетінің Эндрю Смит бастаған ғалымдар тобының айтуынша, тағам мөлшерін өзгерту — оңай әрі шығын шығаратын шаруа емес, есесіне ол денсаулыққа зиян келтіруден сақтануға мүмкіндік береді.

Джодж Халықаралық денсаулық сақтау институты да Қытайдың 120 ауылында тұратын  544 635 адамның қатысуымен тәуелсіз зерттеу жасады. Ғалымдар 18 ай бойы адамдардың тұзды пайдалану деңгейін бақылап келді. Нәтижесінде тұзды пайдалануды азайту бүйректің қызметін тоқтатуға соқтыратын дерттерден қорғайтындығы дәлелденді.