Алматыдағы Сән және дизайн колледжінің АӘД пәні мұғалімі қамауға алынды - kaz.caravan.kz
  • $ 487.17
  • 565.65
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыдағы Сән және дизайн колледжінің АӘД пәні мұғалімі қамауға алынды

Алматыдағы Сән және дизайн колледжінің АӘД пәні мұғалімі қамауға алынды

 Алматыдағы Сән және дизайн колледжінің АӘД пәнінің мұғалімі Ғабит Қарабалаев қамауға алынды. Сот оған қарсы бұлтартпас шара ретінде 2 айға қамауға алу туралы шешім шығарды.

  • 20 Қараша 2014
  • 537
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы қалалық соттың баспасөз хатшысы Қуандық Ешімет айтты.

Естеріңізге сала кетейік, Алматы полициясы 1 қыздың өмірін жалмап, 8 адамды жаралаған оқиғаға байланысты ҚР ҚК бірнеше бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.

Қазір аталған дерек бойынша қалалық ІІД тергеу басқармасы ҚР ҚК 251-бабы (Қару мен жарылғыш заттарды заңсыз сақтау, алу, сату, алып жүру) және 101-бабы (Абайсызда адам өліміне әкелу) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Тергеу барысында қарудың оқу орнында қалай пайда болғаны мен кімге тиесілі екендігі тексерілмек.