Қытайдың ІТ-технологиялар саласындағы ең үздік компаниясы Қазақстанмен бірлескен кәсіпорын ашпақ - kaz.caravan.kz
  • $ 487.17
  • 565.65
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қытайдың ІТ-технологиялар саласындағы ең үздік компаниясы Қазақстанмен бірлескен кәсіпорын ашпақ

Қытайдың ІТ-технологиялар саласындағы ең үздік компаниясы Қазақстанмен бірлескен кәсіпорын ашпақ

Қытайдың ІТ-технологиялар саласындағы ең үздік компаниясы Қазақстанмен бірлескен кәсіпорын ашпақ. Бұл туралы бүгін Астанада өтіп жатқан «Astana Technology Innovation Conference 2014» халықаралық конференциясында белгілі болды.

  • 20 Қараша 2014
  • 1054
Фото - Caravan.kz

Қазақстан Софтерлік компаниялар қауымдастығының президенті Азаматхан Әміртаевтың айтуынша, Қытайдың Inspur компаниясы Қазақстанмен бірлесе отырып, серверлер мен түрлі компьютерлік технологиялар өндіретін кәсіпорын ашуды жоспарлап отыр.

«Бүгінгі күнде Қазақстанның ІТ нарығы 1,5 млрд. долларды құрайды. Осы нарыққа дүниежүзілік компаниялар кіріп, Қазақстанда сауда-саттық жасап жатыр. Біз барлық компаниялармен Қазақстанда өнім шығару жайында көптеген келіссөздер жүргіздік. Осы бастамаға Қытайлық Inspur компаниясы келісіп, әріптестк қарым-қатынас орнатуға мүдделілік танытып отыр», — деп атап өтті ол.

А. Әміртаевтың айтуынша, аталған компанияның Венесуэлада жасаған осындай тәжірибесі бар. Олар сол елде компания ашып, бүгінде барлық Оңтүстік Америка нарығын ІТ технологиялармен қамтамасыз етіп отыр.

«Біз де осы кәсіпорын арқылы өз нарығымызды толық қамтып, болашақта Ресей нарығына шығуды жоспарлап отырмыз. Жобаның бастапқы инвестициясы 1 млн. доллар болады. Оған қазақстандық мамандар тартылып, алғашында ІТ-өнімдерді құрастырудан бастап, кейіннен өз күшімізбен өндіруге дейін жеткіземіз», -дейді қауымдастық президенті.

Айта кетейік, Inspur компаниясы Қытай нарығында серверлер сату көлемі бойынша бірінші орында, ал әлем бойынша 5-ші орынды ұстап тұрған ірі компания. Аталған компанияның Тяньхэ-2 деп аталатын суперкомпьютері әлем бойынша ең күшті суперкомпьютерлердің үздік 500-дігі арасында бірінші орында тұр.


Корпорацияның мәліметінше, олар жуық арада Астана мен Алматы қалаларында әкімшілік және сауда кеңселерін ашуды жоспарлауда. Сондай-ақ, 15 миллион долар инвестициямен Қазақстан нарығында құрылғылар өндіретін кәсіпорын ашу  бойынша серіктес  табуды да мақсат етіп отыр. Осы арқылы қазақстандық инженерлер үшін жұмыс орындарын ашып, алдағы 5 жылда Қазақстанның ІТ нарығына дендеп ендуді көздейді. Сонымен қатар, компания өкілдері «G-Cloud» «SmartCityAstana» сынды ірі мемлекеттік жобаларды жүзеге асырысуға да мүдделі. 

1  

4 

3 

5