Жаңа тұрғын үй бағдарламасына орай қанша шаршы метр жалға берілетін үй салу көзделген? - kaz.caravan.kz
  • $ 487.17
  • 565.65
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жаңа тұрғын үй бағдарламасына орай қанша шаршы метр жалға берілетін үй салу көзделген?

Жаңа тұрғын үй бағдарламасына орай қанша шаршы метр жалға берілетін үй салу көзделген?

Жаңа тұрғын үй бағдарламасы аясында Қазақстанда1,5 млн шаршы метр жалға берілетін үй салу көзделген,

  • 20 Қараша 2014
  • 599
Фото - Caravan.kz


деп хабарлады бірінші вице-премьер Бақытжан Сағынтаев.
"Елбасы жалға берілетін үйлерді салудың жаңа жолдарын белгіледі.Тұрғын үй халыққа ұзақ мерзімге жалға берілмек, сатып алу құқы қоса беріледі және оған төмен пайыз белгіленбек. Қазір оның механизмдері пысықталуда. 2015 жылдың 1-қаңтарынан бастап бүкіл ел бойынша жаңа тұрғын үй бағдарламасына орай үйлер салына басталмақ", деді ол Астанада бейсенбіде президенттің "Нұрлы жол-болашаққа жарқын жол" деп аталатын жолдауын талқылау жөніндегі "Қазақстан-2050" жалпыұлттық демократиялық күштері коалициясының отырысы барысында.
Жалға берілетін үйлерді салу үшін Ұлтық қордан "Бәйтерек" холдингісіне облигациялық заем берілмек, сомасы 145 млрд теңге, 30 жылға, мөлшерлемесі 0,1% деді ол.