сонымен қатар одан келетін зияндық алкоголизм мен климаттың өзгеруінен келтірілетін залалдан жоғары, деп хабарланған McKinsey Global Institute зерттеуінде.
Қазіргі уақытта артық салмақтан әлемде 2,1 млрд адам зардап шегіп отыр, бұл бүкіл жер шары халқының үштен бір бөлігінен сәл ғана аз.
Әлемдік экономика жыл сайын семіздікке байланысты проблеманы шешу үшін 1,3 трлн фунт стерлинг жұмсайды (2 трлн доллар).
Баяндамада атап өтілгендей, 2030 қарай Жер бетінде ондай адамдардың саны халықтың жартысын құрауы ықтимал.
Сарапшылар проблеманы шешу үшін тағам мөлшерін азайтуға, "фаст-фуд" тұжырымдамасын қайта қарауға кеңес беруде.
McKinsey Global Institute — McKinsey & Co консалтингтік компаниясының зерттеу бөлімшесі болып табылады.