Қазақстан Украинадағы қақтығысты тек бейбіт жолмен реттеуді қолдайды – СІМ - kaz.caravan.kz
  • $ 487.17
  • 565.65
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан Украинадағы қақтығысты тек бейбіт жолмен реттеуді қолдайды – СІМ

Қазақстан Украинадағы қақтығысты тек бейбіт жолмен реттеуді қолдайды – СІМ

 Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Астанада ЕҚЫҰ қазіргі төрағасы Швейцария президенті Дидье Буркхальтермен кездесті.

  • 21 Қараша 2014
  • 539
Фото - Caravan.kz


Министр Қазақстанның Украинадағы қақтығыстың тек қана бейбіт жолмен реттелгенін қалайтынын атап өтті.
СІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Е.Ыдырысов 2014 жылдың оңай болмағанын, Украинадағы ахуалды реттеуге едәуір күш жұмсалғанын атап өтті.
Қазақстан бұл мәселеде ЕҚҰ-ның қазіргі төрағасының қызметін толық қуаттайды және оның ұйым алдындағы міндеттерді шешуге қосқан үлесін жоғары бағалайды, деді Е.Ыдырысов.
Кездесу соңында Қазақстан СІМ мен Швейцарияның Сыртқы істер жөніндегі федералды департаменті өзара түсіністік меморандумын бекітті.