Қазақстан Фермерлер одағының төрағасы Әуезхан дарынов осылай деп мәлімдеді.
«Келесі жыл бұдан да қиын болатын түрі бар. Бәрімізге Біртұтас экономикалық кеңістік шеңберінде, ресейлік және белорус әріптестерімізбен бәсекелесе отырып жұмыс істеуге тура келмек. Ауыл шаруашылық министрлігі мен әкімдіктер етек-жеңін жинап, көктемде тұқымдық астықсыз қалмау жағын қарастыруы тиіс», — деді ол «Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне берген сұхбатында.
Биыл күзде фермерлердің басым бөлігі несие қайтару, лизингтік төлемдерін төлеу жағынан қиындық көріп жатыр. Осыған орай, мемлекет фермерлердің қарыздарын пролонгациялау, қайта қаржыландыру шараларын қолға алуы тиіс, дейді Ә.Дарынов.
Жалпы, бұл проблеманы кеңірек алып қарау қажет дейді сарапшы.
«Бір ғана пролонгациямен мәселе шешілмейді. Біздіңше, фермерлердің шығынын өтеп беру қажет. Бұл жерде біз нені меңзеп отырмыз? Мысал келтіре кетейін: солтүстік аймақтарда 1 тонна астық өсіруге 25-30 мың теңге шығын жұмсалады (1 гектардан 10 ц өнім алған жағдайда). Яғни, орылмай егіс даласында қалған астықты есепке алғанда биыл фермер 1 гектардан орта есеппен 5 мың теңге табыс табуы тиіс. Біз, мемлекетке төтенше жағдайды ескере отырып, шығын мен алынған табыс арасындағы айырманы өтеп беруді ұсынып отырмыз», — деді ол. Фермерлер әлі де болса алынған астықты сақтап қалуға, шығындалса да оны кептіріп алуға тырысып жатыр, деп қосты маман.
Ә.Дарыновтың айтуынша, аймақтарда астық қоймалары жеткілікті. Алайда, қыркүйек айының екінші жартысы мен қазан-қараша айларында орылған астық құрамындағы дымқыл деңгейі 30 пайыздан асып кетті. Есесіне, астықтың сапасы төмендеді.
«Астық компанияларының меншігіндегі астық қабылдау комбинаттары әдетте, өз өнімдерімізді өңдеп үлгермей жатырмыз деген сылтаумен алыс-беріс астықты қабылдаудан бас тартады», — добавил он.
Ауыл шаруашылық министрлігі биыл күзде астықты сатып алу бағасы жоғары деңгейде белгіленді, бұл фермерлердің шығынын өтеп береді деп мәлімдеген болатын. Ә.Дарынов мұнымен де келіспейді.
«Алқаптардағы егін орылмай рәсуа болып жатқанда қалайша біз фермерлердің шығыны бағаның есебінен өтеледі дейміз?», — деді ол.
Фермерлер мен біртұтас астық холдингінің бірлескен отырысында астықты сатып алудың «нақты» бағасын белгілеп, шаруаларға қолдау көрсету туралы шешім қабылданды, дейді маман.
«Бұл ұсыныс жұртшылық пен ауыл тұрғындары тарапынан қолдау тапты. Өздеріңіз ойлап көріңіздерші, 5-класқа жататын бидайдың тоннасы 30 мың теңге тұрады. Ал, 3-ші кластағы бидайға сапасына қарай 42 мың теңгеден жоғары баға беріліп отыр. Бірақ биіл құрғақ астық аз. Дымқыл астықты тиісті деңгейге жеткізу үшін едәуір шығын шығару қажет. Мәселе осында болып тұр. Сондықтан бұл жерде астық жоғары бағаға сатып алынады, шығын сол арқылы өтеледі деуге мүлдем негіз жоқ», — деп атап өтті Ә.Дарынов.