Америкада бұрын-соңды жаумаған қар ондаған адамның өмірін қиды - kaz.caravan.kz
  • $ 487.17
  • 565.65
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Америкада бұрын-соңды жаумаған қар ондаған адамның өмірін қиды

Америкада бұрын-соңды жаумаған қар ондаған адамның өмірін қиды

АҚШ-та толассыз жауған қардың салдарынан 10 адам қаза тапты. Биыл шығыс жағалауға қыс ерте келген. Мұнда сейсенбіден бері қатынас тоқтап тұр. Осы уақыт ішінде биіктігі 2 метрге жуық қар түсті.

  • 22 Қараша 2014
  • 286
Фото - Caravan.kz


Бұл жауын-шашынның жылдық мөлшерімен пара-пар. АҚШ-та тұрғындардың көбі үйінен шыға алмай қалса, кейбіреулер көліктеріне қамалған. Нью-Йорк штатының губернаторы Эндрю Куомо аймақта төтенше жағдай жариялады. Көшелердің қарын тазалауға арнайы күш жұмылдырылуда. Мамандардың айтуынша, қаза болғандардың көбінің аулада жедел қимылдап, қар күреп жүргенде қан қысымы көтеріліп кеткен.