Ең қымбат бензин Жамбыл облысында сатылып жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 487.17
  • 565.65
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ең қымбат бензин Жамбыл облысында сатылып жатыр

Ең қымбат бензин Жамбыл облысында сатылып жатыр

Жамбыл облысында жанармай таппай жұтаған жұрт қымбатшылыққа ұрынды. Тұрар Рысқұлов ауданында бензиннің литрі 160 теңгеден сатылуда. Бұл бассыздықты көзімен көрген тұрғындар, бағаны негізсіз өсіргендерді жазаға тартуды сұрап отыр.

  • 22 Қараша 2014
  • 314
Фото - Caravan.kz


-Мына бензин қымбат болып, бәле болды тегі. 160 дейді алсаң сол, алмасаң да сол.Масқара мына жерден бүгін бензин құя алмайсың ғой.

Жүргізушілер үш күннен бері бензин таппай тентіреген көрінеді. Бүтін ауданда жалғыз жанармай бекеті жұмыс істеп тұр. Оның өзінде ұзын- сонар кезек. Сорақысы мұнда тұрақты баға кесілмеген. Тіпті ең өтімді АИ 92 маркалы сұйық отын 190 теңгеден сатылыпты. Өзге маркадағы жанармай атымен жоқ. Бензин тапшылығы облыс орталығы мен өзге аудандарда да шетін ара сезіледі. Бірақ, Тұрар Рысқұловтағы бекеттердің неге қаңсып тұрғандары түсініксіз.