Биыл сәуір айында полиция майоры заңсыз бекіре аулағандардан 250 мың теңге мен 3 келі қара уылдырық алып жатқан жерінде ұсталған. Қолға түскен күні Құбайдуллин денсаулығына байланысты ауруханаға жеткізілген еді. Артынша, емдеу мекемесінен қашып кетіп, тек үш күннен кейін мәйіті құрылыс алаңында асылып тұрған жерінен табылды. Марқұмның туыстары суицидке оны сол қаржы полициясы қызметкері итермеледі деп отыр. Дегенмен, ресми айып оларға тек қызмет бабын асыра пайдаланды деп тағылған. Қазір қос күдікті Бауыржан Ертаев пен тергеуші Айбар Сарин де қамауға алынбақ түгілі, өз қызметтерінде жүр. Өйткені сот олардың кінәсін дәлелдейтін айғақ жеткіліксіз деп тапты.
Зәуре Қазақбай, судья:
-Сот істі қайта тергеуге жібереді. Мұны жәбірленуші тарап та, айыпталушы тарап та қалап отыр. Себебі, менің қолымдағы қылмыстық іске көз салсақ, дәл қазіргі мезетте айыпталушылардың кінәсін анықтау тіпті мүмкін емес.