Алмұрт - ең пайдалы жемістің бірі - kaz.caravan.kz
  • $ 487.17
  • 565.65
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алмұрт - ең пайдалы жемістің бірі

Алмұрт - ең пайдалы жемістің бірі

Диетологтар алмұрттың пайдалылығы жайында сирек айтады. Ал алмұртта антиоксидант, флавоноид мол екен. Бұл ретте оның құрамында май, холестерин жоқ, орташа нәрлі, деп жазады Medical News Today.

  • 23 Қараша 2014
  • 7306
Фото - Caravan.kz

Мамандардың айтуынша, дұрыс тұтынған жағдайда алмұрт салмақ түсіруге, обыр, гипертония, сусақ, жүрек ауруы тәуекелдерін төмендетуге ықпал етеді.

Бір алмұртта 101 калория, 27 грамм көмірсу, 1 грамм ақуыз бар. Ол күндік қажеттілікте С дәруменінің 12%-ын, К дәруменінің  10%-ын, калийдің 6%-ын     қамтамасыз етеді, сондай-ақ оның құрамынан кальций, темір, магний, рибофлавин, В6 дәрумені және фолотты табуға болады.

Алмұрттың нәрлілігін естен шығаруға болмайды. Ол ас қорыту жүйесін жақсартады, иммундық жүйені реттейді, салмақ түсіреді. Нәрлілік жүрек-қан тамырларының жүйесін жақсартады, қантты реттеп, денеден уытты заттарды шығарады. Оның шырындылығы (84 пайыз су) барлық жүйенің жақсы жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.