Сот шешіміне сәйкес, енді Apple 400 млн долларды компанияның заңсыз қызметінен зардап шеккен 23 млн. пайдаланушыға, сонымен бірге 50 млн. доллар адвокаттарға төлеуі тиіс.
Apple 2009 жылы АҚШ-тың 5 ірі баспасымен: «Hachette Book Group», «HarperCollins Publishers», «Penguin Group», «Simon&Schuster» және «Macmillan» сөз байласқаны үшін айыпталып отыр.
Дау 2012 жылғы сәуірде АҚШ Әділет министрлігінің араласуымен басталған.