Алматы облысында Мұстафа Өзтүріктің ұсқынсыз мүсіні ақыры жаңартылды - kaz.caravan.kz
  • $ 487.17
  • 565.65
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысында Мұстафа Өзтүріктің ұсқынсыз мүсіні ақыры жаңартылды

Алматы облысында Мұстафа Өзтүріктің ұсқынсыз мүсіні ақыры жаңартылды

Ұсқынсыз ескерткіш ақыры жаңартылды! Алматы облысының Бесағаш ауылындағы Мұстафа Өзтүріктің ескертікіші ұзақ жылдан бері көрер көзге оғаш көрініп тұрған. Тас мүсінді «бүкір құсқа» да теңегендер де көп. Енді, сол ескерткіш арада 10 жыл өткенде, даңқты таэквондошының мерейтойы қарсаңында жөнделіп отыр. Ал салтанатты шараға Түркия, Германия және Голландиядан Өзтүріктің туыстары түгел келді.

  • 25 Қараша 2014
  • 628
Фото - Caravan.kz

Бұл – Мұстафа Өзтүріктің 60 жылдығын атап өтуге, қалың тұманға қарамай Бесағаш ауылының орталығына жиналған қалың бұқара. Даңқты спортшы, қазаққа «таэквондоны» танытқан азамат 1954 жылдың 23 қарашасында өмірге келген. Әрі бұл күні Мұстафаның 10 жылдан бері ұсқынсыз күйде тұрған ескерткіші жаңартылды.

Ескісіндей емес, бұл жолғы ескерткіш Мұстафаның кескініне ұқсатылыпты. Әйтпесе, мұның орнында 50 жылдығында қойылған мынадай масқара мүсіні тұрып келгені ел есінде.

Берік Әдиев, қоғам белсендісі:

-Осыдан бір апта бұрын Мұстафаның ескі ескерткіші тұрған болатын. Соны сіздердің арналарыңыздан бір-екі рет айтып, ескерткішті өзгерту керек, 60 жылдыққа деп. Мінеки, сіздердің көмектеріңізбен той болып, жаңа ескерткіш орнатылып жатыр.

Айта кетерлігі, Мұстафаның жаңа мүсіні небәрі 2 айдың ішінде әзірленген. Қоладан жасалған мүсінге 11 миллион теңге жұмсалыпты. Ал салтанатты рәсімге қатысуға Мұстафаның шетелдегі ет жақындары келген. Жары Нүрилә мен қос қызы – Неслихан мен Асылхан. Және бірнеше ағасы мен інісі бар.


Нүрилә Өзтүрік, М.Өзтүріктің жары:

— Қуанышты болып тұрмын. Германиядан келдім. Өте жақсы, әдемі ескерткіш қойыпты. Аллаға мың шүкір, мынадайды көргеніме. Ұлыңыз неге келмеді?

-Ол оқып жатыр ғой.

Асылхан Өзтүрік, М.Өзтүріктің қызы:

— Біздің қазақшамыз өте жақсы емес. Жүректегі барымызды айтамыз. Әдемі тасты жасағандарына рахмет. Бұдан кейін келесіңдер ме Қазақстанға?

-Иә, иншалла келеміз!

Шараның соңы Мұстафа Өзтүрік туралы әдемі естеліктер айтылған кешке ұласты. Ән арналып, өлеңдер оқылды. Ең бастысы, бұл күні Мұстафаның іздеген елі табылғандай.

Мұстафа Өзтүрік:

— Қазақ көбіне туыс іздейді. Елін іздейді. Сіздер ел ішінде жүрсіздер, біздер құсап сағынбайсыздар. Кейде ойлайсыз бәрінің елі бар, менің елім қайда деп?!