Генерал Жоламановқа қатысты жаңа дерек шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 487.17
  • 565.65
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Генерал Жоламановқа қатысты жаңа дерек шықты

Генерал Жоламановқа қатысты жаңа дерек шықты

Нұрлан Жоламанов тергеу қапасында комаға түсіп, сотқа жетпей қалуы мүмкін. Шекара қызметі басшысының жұбайы Гүлнар Жоламанова «Мегаполис» басылымына берген сұхбатында күйеуінің қант диабеті асқынып, жүрегі сыр бергенін айтты. Қазір генарал түрменің тағамын жей алмай қалыпты.

  • 25 Қараша 2014
  • 221
Фото - Caravan.kz


Генерал Ұлттық қауіпсіздік комитетінің тергеу қапасынан санитарлық бөлімге ауыстыру жайлы бірнеше рет өтініш білдірген екен. Бірақ бұған ешкім жауап қатпаған көрінеді. Сонымен қатар денсаулық жағдайына байланысты бұлтартпау шарасын өзгертіп, үйқамаққа алу жайлы өтініш те жасалыпты. Жоламановтың жұбайы сұхбат барысында бұғауланған дүние-мүліктің жайын да айтқан. Яғни бірнеше пәтер мен жеке үй және қымбат көліктердің бірі де генералға тиесілі емес екен. Қағаз жүзінде барлығы туыстардың меншігі. Дегенмен Гүлнар Жоламанова байлықтың барлығы күйеу баламның маңдай тері депті. Ал тінту барысында табылған 7 млн теңгені Астана іргесіндегі үйдің қарызын төлеуге жинаған екен. Генерал Жоламанов шекара шебін нығайтуға деп бөлінген мемлекеттің миллиардтарын жымқырды деп айыпталуда.