Астанада жантүршігерлік апат болды - kaz.caravan.kz
  • $ 487.17
  • 565.65
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A

Астанада жантүршігерлік апат болды

Астанада жантүршігерлік апат болды

Астанада да жұрттың жағасын ұстатқан екі бірдей ірі жол апаты болды. Бірінші оқиғада адамға лық толы автобусқа балшық езуге арналған құрылыс техникасы соғылған.

  • 25 Қараша 2014
  • 220
Фото - Caravan.kz


Қатты соққыдан автобустың есігі ішіне қарай кіріп кетіпті. Салдарынан 22 адам жарақат алып, жетеуі дереу ауруханаға жатқызылды. Қазір апатқа кінәлі  бетон араластырғыш техниканың жүргізушісі қамауға алынды. Бұл оқиғадан енді ес жиып жатқанда, Елордада №12 автобус пен жүк тиеп бара жатқан трактор соқтығысқан. Зардап шеккендер арасында балалар бар. Құдай сақтап барлығы дін-аман. Қазір қос жантүршігерлік апат бойынша тергеу жүріп жатыр.