Назарбаев Чехия Президентінен саршұнақ аяз үшін кешірім сұрады - kaz.caravan.kz
  • $ 487.17
  • 565.65
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Назарбаев Чехия Президентінен  саршұнақ аяз үшін кешірім сұрады

Назарбаев Чехия Президентінен саршұнақ аяз үшін кешірім сұрады

Арқаның осы саршұнақ аязы үшін бүгін президент Нұрсұлтан Назарбаев чехиялық әріптесінен кешірім де сұрады. Ресми сапармен келген Милош Земанға әрине Астанадағы ауа температурасы алдын-ала ескертілгені анық. Десе де үскірік аяз екі ел басшыларының жемісті келіссөздеріне кедергі бола алған жоқ.

  • 25 Қараша 2014
  • 247
Фото - Caravan.kz

Астанаға ресми сапармен келген Чехия Президентіне Ақордада протоколға сай барлық құрмет көрсетілді. Таяққа сүйенген 70 жастағы Милош Земан  Қазақстанды алыс-беріс жасайтын 12 мемлекеттің қатарына қосыпты. Чехтар әсіресе, еліміздің мұнайына зәру. Бізден тонналап «қара алтын» экспорттаса, өздері көлік пен шағын ұшақтармен қамтуға әзір. Тіпті алдағы жылы елімізде чехтардың атақты 8 мың «Шкода» көлігі құрастырылмақ. Президенттер машина өндірісі, авиациядан, бөлек энергетика, медицина,туризм саласындағы байланыстарды нығайтуға келісті. Ресми Прага Қазақстан азаматтарына виза беруді жеңілдетуге де әзір. Жалпы бүгін жарты миллиард доллардың келісіміне қол қойылды. Ал Милош Земаннан тілшілер Арқаның аязы туралы сұраған. Алайда, олжалы қайтқан мәртебелі мейман, климатқа шағым айта қоймады.


Милош Земан, Чехия Президенті:

-Суыққа үйренгенбіз. Прагада -12 градус аяз боп тұрады. Сондықтан бәрі жақсы.

Нұрсұлтан Назарбаев,Қазақстан Республикасының Президенті:

-Первый мороз этого года. Как раз случился этого года. Мы извиняемся, господин Президент.

— Ничего.