Бразилияда өтетін Олимпиада-2016 тұмарларының тұсауы кесілді - kaz.caravan.kz
  • $ 487.17
  • 565.65
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бразилияда өтетін Олимпиада-2016 тұмарларының тұсауы кесілді

Бразилияда өтетін Олимпиада-2016 тұмарларының тұсауы кесілді

- 2016 жылы Рио-де-Жанейрода өтетін жазғы Олимпиада ойындарының қос тұмары таныстырылды. 

  • 25 Қараша 2014
  • 481
Фото - Caravan.kz

Олар Бразилияда өсетін өсімдіктер мен аймақта мекендейтін жануарлардың элементтерінен құралған. Біреуі — сары түсті мешін мен тотықұс және мысыққа ұқсас жануар. Ал екіншісі — адам тектес гүл мен ағаштың қосындысы. Тұмарлардың әзірге атауы жоқ. Оны жергілікті тұрғындар дауыс беру арқылы таңдайды. 2009 жылы Олимпиада қожайынын анықтау кезінде Рио-де-Жанейро Мадрид, Токио және Чикаго қалаларын артқа тастаған болатын.

Дүбірлі дода 2016 жылы тамыздың 5-і мен 21-і аралығында өтеді, деп жазады 24.kz.