30 жасқа дейінгі ең жоғары табыс табатын атақты адамдар тізімін кім бастап тұр? - kaz.caravan.kz
  • $ 487.17
  • 565.65
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
30 жасқа дейінгі ең жоғары табыс табатын атақты адамдар тізімін кім бастап тұр?

30 жасқа дейінгі ең жоғары табыс табатын атақты адамдар тізімін кім бастап тұр?

 Канадалық әнші Джастин Бибер жасы 30-ға толмаған ең жоғары табыс табатын атақты адамдардың тізімін бастады. Бұл дерек Американың Forbes  журналында жарияланды. 

  • 25 Қараша 2014
  • 694
Фото - Caravan.kz

Басылымның мәліметтері бойынша, өткен жылдың маусымынан биылғы жылдың маусымына дейін Бибер шамамен 80 млн. доллар пайда тапқан. 20 жастағы поп-орындаушыға кірістерінің негізгі сомасы әлемдік турнеден түскен.

Бұл рейтингтегі он орынның тоғызында музыканттардың есімдері аталған. Екінші орында британдық One Direction поп-тобы. Бір жылда ұжым 75 млн. доллар пайда тапқан. Топтағы музыканттардың орташа жасы — 21.

Көш бастаған үштікте 24 жастағы америкалық орындаушы Тейлор Свифттің есімі де бар. Музыканы кантри стилінде орындайтын оның кірісі 64 млн. долларды құрады.