Ақордада Н. Назарбаев пен И. Каримовтың кездесуі өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 487.17
  • 565.65
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақордада Н. Назарбаев пен И. Каримовтың кездесуі өтеді

Ақордада Н. Назарбаев пен И. Каримовтың кездесуі өтеді

 Өзбекстан Президенті Ислам Каримов Қазақстанға  ресми сапармен келді. Бүгін Ақордада Қазақстан мен Өзбекстан мемлекет басшыларының кездесуі өтеді.

  • 25 Қараша 2014
  • 486
Фото - Caravan.kz

Кездесулер және келіссөздер барысында Нұрсұлтан Назарбаев пен Ислам Каримов саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және өзге де салалардағы өзбекстандық-қазақстандық ынтымақтастықтың ары қарай дамуын талқылап, өңірлік және халықаралық сипаттағы өзекті мәселелер бойынша пікір алмасады.

Осыған дейін хабарланғандай, 2014 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша екі ел арасындағы тауар айналымы  1 545,2 млн долларды құраған.