Б.Обама: Мэрил Стрипті сүйетінімді Мишель де, оның жары да біледі - kaz.caravan.kz
  • $ 487.17
  • 565.65
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Б.Обама: Мэрил Стрипті сүйетінімді Мишель де, оның жары да біледі

Б.Обама: Мэрил Стрипті сүйетінімді Мишель де, оның жары да біледі

Ақ үйде Еркіндік медалін салтанатты түрде табыс ету кезінде Б. Обама актриса Мэрил Стриптің өнеріне табынатынын айтты, деп хабарлады РИА Новости. 

  • 25 Қараша 2014
  • 411
Фото - Caravan.kz

Президент табыс ететін Еркіндік медалін АҚШ басшысы өзі тағайындайды және ол конгресс медалімен қатар қоғамдық айтулы награда болып есептеледі. Бұл құрмет белгісі «АҚШ-тың ұлттық мүддесі мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қосқан үлесі, әлемдегі бейбітшілікті сақтауға немесе өзге қоғамдық және мәдени жетістіктері үшін» беріледі.

Биылғы 19 лауреаттың қатарына үш мәрте «Оскар» сыйлығына қол жеткізген Мэрил Стрип кірді. Обама оны ең өнерлі актрисалардың бірі деп атады.


«Мен оны сүйемін, өнеріне табынамын. Бұл туралы оның жары және Мишель біледі», — деді АҚШ президенті.