Аяз салдарынан мектептерде сабақ тоқтатылды - ШҚО - kaz.caravan.kz
  • $ 487.17
  • 565.65
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Аяз салдарынан мектептерде сабақ тоқтатылды - ШҚО

Аяз салдарынан мектептерде сабақ тоқтатылды - ШҚО

Бүгін ауа райының күрт төмендеуіне байланысты облыстың төрт қаласында және төрт ауданында мектептерде сабақ болмады. 

  • 25 Қараша 2014
  • 396
Фото - Caravan.kz


ТЖ департаментінен хабарлағандай, Шемонаиха, Семей, Риддер, Курчатов қалаларында және Жарма, Абай аудандарында 1-4 сыныптарда сабақ тоқтатылды.

Сондай-ақ Бесқарағай және Көкпекті аудандарындағы білім ордаларында 1-11 сынып оқушыларына сабақ болмады.

Өңірде түнде қалың қар түсіп, боран соқты. Ауа температурасы 13 градустан 31 градусқа дейін төмендеп кеткен.

Синоптиктер ауа температурасы әлі де төмендей түседі деген болжам айтуда.