Петербургте Мариинский театрының жұлдызы болған Алла Сизова қайтыс болды - kaz.caravan.kz
  • $ 487.17
  • 565.65
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Петербургте Мариинский театрының жұлдызы болған Алла Сизова қайтыс болды

Петербургте Мариинский театрының жұлдызы болған Алла Сизова қайтыс болды

КСРО халық әртісі, Киров театрының (қазіргі Мариинский театры) балеринасы Алла Сизова Петербургте 75 жасында қайтыс болды.

  • 25 Қараша 2014
  • 359
Фото - Caravan.kz

Театрдың баспасөз қызметі мәлімдегендей, А.Сизова жексенбі, 23 қарашада өмірден озған.

А.Сизова 1939 жылы Мәскеуде дүниеге келген. 1958 жылы Ваганова атындағы Ленинград академиялық хореографиялық училищені бітірген.Ол театрда көптеген рөлдерді сомдады.
1988 жылдан бастап Ваганова атындағы Лениград хореографиялық училищеде сабақ берді. Екі жылдан кейін АҚШ-қа қоныс аударды, бірақ кейіннен Петербургке оралды.