Алматыда үшем туған ана әлі контейнерде тұрып жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 487.17
  • 565.65
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда үшем туған ана әлі контейнерде тұрып жатыр

Алматыда үшем туған ана әлі контейнерде тұрып жатыр

Қорғансыздың күні! Алматыда дүниеге үшем әкелген жас отбасы контейнерде қыстап шығуға бел буып отыр. Бұған дейін де вагон ішін паналап келген жанұя қыс түскенде де, жылы орынға жарымай сары аязды сақылдаған сызда өткізбекші. Тек ата-ананың мұндай тәуекелінен бүлдіршіндеріне төнген қауіп зор. Өйткені тастай суық темірдің ішінде өсіп онсыз да сырқаттанып қалған үшемдердің халі қыс қаһарына мінбей жатып мүлдем нашарлай түскен.

  • 26 Қараша 2014
  • 367
Фото - Caravan.kz

Мұндағы жағдай Мұхтар Әуезовтың «қорғансыздарынан» да мүшкіл. Тағдыр тауқыметіне тап болған жастар кәдімгі контейнерді паналаған. Ішінде не су, не жылу жоқ. Күні-түні қабырғадан соққан ызғардан 10 айлық үшемдер туылғалы бері аурудан көз ашпаған.

Нұргүл Сындарова, үшемнің анасы:

-Біреуі-  бронхит. Екеуінде-пневмания. Бұл деген үйде емделетін жағдай емес. Бұл ауруханада емделу керек. Сосын бұл балаларға жылы жай керек. Сонда ғана балалардың денсаулығы жақсарады деп айтып жатыр.

Қыс келгелі үшемнің халі мүлде нашарлай түскен. Аурулары асқынып, өкпелеріне қақырық тола бастапты. Маңдайында мекен-жайы да жоқ темір күркеге Ізтілеуовтар екі күннің бірінде дәрігер шақыртады. Тек одан келіп-кетер пайда болмай тұр.

Гүлжан Шалдыбаева, Алматы қалалық №18 емхананың бала дәрігері:

-Балаға күн керек, жарық керек, жылу керек, ол жағдайлар бұларда жоқ. Сол себептен балалар жиі ауырады.

Ал жылы баспана жалдауға Ізтілеуовтардің жағдайы жоқ. Отағасы қара жұмыс істесе, Нұргүл ауқатты кісілердің ауласын сыпырып күн көреді. Осы темір контейнердің өзін әзер дегенде жалға алған жанұя әкімшілікке де талай рет көмек сұрап барған. Тек алтын құрсақты аналардың құны 7-8 мың теңгенің төңірегінен әрі аса алмай тұр.


Маржан Балбаева,  Алатау ауданы әкімінің орынбасары:

-Аз қамтамасыз етілген отбасылар санатына кіріп отыр.  Жәрдемақысы,  жылына бір рет беріледі.Бір реттік себебі.Заңда бүгін бала дүниеге келсе ертең пәтер беру деген көрсетілмеген.

-Үшем болса да ма?

-Үшем болсын, төртем болсын ол жоқ

Енді дүниеге үшем әкелген Нұргүл кәдімгі контейнер ішінде қыстап шығуға бел буған. Сол үшін отынын да қамдап қойған.

Отбасының телефоны +7 701 2847842 ; +7 778 6045652