Түнгі төрттен бері асуда арнайы техникалар тынымсыз жұмыс атқарғанымен, қатты жауған қарды дер кезінде тазалау мүмкін болмай тұр. Енді жол сақшылары «Айша-Бибі» бақылау бекетінде жүк көліктерін уақытша ұстап, жүргізушілерін жауратып алмаудың қамын жасауда. Олардың сапарларын қашан жалғастырары әзірге белгісіз. Осылайша алғашқы қар жол тазарту мекемесінің қысқа қамсыз екенін көрсетіп отыр.