Алматыда студент қызды өлтірген таксиші сотталды - kaz.caravan.kz
  • $ 487.17
  • 565.65
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда студент қызды өлтірген таксиші сотталды

Алматыда студент қызды өлтірген таксиші сотталды

Өрімдей қыздың өлімі үшін 18 жыл. Бүгін Алматы облысында 35 мың теңге үшін адам өлтірген таксишіге осындай үкім кесілді. 36 жастағы Виталий Атапин тергеуде кінәсін мойындап, кейін немере қарындасы мен оның күйеуі қылмысқа қатысты деген. Бірақ іс қайта тергеліп, жалғыз айыпты жазасын алып отыр.

  • 26 Қараша 2014
  • 255
Фото - Caravan.kz

Осыдан бөлек Айсұлу Жамбарбекті өлтірген Атапин оның жанұясына 2 млн теңге материалдық және 1,5 млн теңге моральдық шығын өтеуі тиіс. 16 жастағы Айсұлу Жамбарбек былтыр 28-ші желтоқсанда жоғалған еді. Ал бір жетіден кейін оның өлі денесі Алматыдан 20 шақырым жерде табылды. Бақылау камерасы арқылы қолға түскен Виталий Атапин оның денесін қайда лақтырғанын өзі көрсетіп берген. Сондағы таксишінің кенелген пайдасы марқұмның сөмкесіндегі ұялы телефон мен 35 мың теңгені құрайтын екі айлық шәкіртақысы екен. Сол ақшаның тең жартысына арақ алып іштім деген еді. Бүгін сот іске нүкте қойғанымен, жәбірленуші тарап бұл үкімге аса риза болмай тұр.


Дәурен Қожағұлов, марқұмның ағасы:

-Атапиннің жанында сыбайластары болған. Себебі өзі көлікті басқарып, бір қолмен  қарындасымды буындырып өлтіре алмайды. Қазір 18 жыл беріп отыр, менің ойымша бұл аз. Бастысы осы қылмысқа басқа адамдардың қатысы болса олар жазасын алу керек.