Серік Ахметов тағылған айыпты мойындаудан бас тартты - kaz.caravan.kz
  • $ 487.17
  • 565.65
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Серік Ахметов тағылған айыпты мойындаудан бас тартты

Серік Ахметов тағылған айыпты мойындаудан бас тартты

Ахметов ақша ұрламадым дейді! Бұрынғы премьер-министр өзіне тағылған ауыр айыпты мүлдем мойындамапты. Экс-шенеунік «қазынаның қыруар қаржысын қымқырған жоқпын» деп отыр. Бұл туралы «Тенгриньюс» ақпараттық сайты хабарлады.

  • 26 Қараша 2014
  • 247
Фото - Caravan.kz


Тергеушілердің айтуынша, Серік Ахметов жемқорлыққа қарсы агенттіктің таққан айыбымен толық танысып шығыпты. Бірақ экс-премьер құжатта жазылған кінәмен келіспек түгілі, мұның бәрі тергеушілердің ойлап тапқаны деп мәлімдепті. Қазір Серік Ахметов Қарағандыдағы мына коттеджінде екі айға үйқамақта отыр. Өйткені ол дәл осы баспанасында тұрақты тіркеуде екен. Құзырлы орган қызметкерлері шенеуніктің үйін күні-түні кірпік қақпай күзетіп тұр. Тіпті қазір оған телефон мен ғаламтор арқылы байланысқа шығуға да қатаң тыйым салынған. Ахметов Қарағанды облысының әкімі болған кезінде «ірі көлемде мемлекет ақшасын ұрлады» деп айыпталуда. Ол 2011 жылы әкімдіктен кеткен соң премьер болып, ал биыл сәуірде Қорғаныс министрі болып тағайындалды да,  небары жарты жылдан кейін өз еркімен қызметінен кетті.