Ресей Қазақстаннан келетін етке талапты күшейтті - kaz.caravan.kz
  • $ 487.17
  • 565.65
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ресей Қазақстаннан келетін етке талапты күшейтті

Ресей Қазақстаннан келетін етке талапты күшейтті

Ресей Қазақстанға жіберілді деген желеумен өз жерінде сатылып кетіп жатқан азық-түлікке талаптарын күшейтті. Көрші ел  өсімдік азықтарына қатысты тексеру шараларын қатайтқан болатын. Енді 30 қарашадан бастап ет өнімдерін де тінтіп қарай бастайды.

  • 26 Қараша 2014
  • 221
Фото - Caravan.kz


Бұған себеп, Ресей өз аумағы арқылы өтпекші болған контрабандалық ет өнімін құрықтаған. Мамандардың мәлімдеуінше, «Бразилия өнімі» деген өтірік жазуы бар 8 мың тоннаға жуық ет Қазақстанға жеткізіледі делінген. Бірақ 7 жарым мың тоннасы Қазақстанға жетпей жатып, Ресей аумағында сатылып кетіпті. Ал, Еуропа етінен бас тартқан Ресей үшін бұл үлкен олқылыққа саналып отыр. Енді осындай заңсыздықтарға жол бермес үшін ресми Мәскеу азық-түлікті тексеруге қатты кірісе бастады. Осы жайға қатысты еліміздің Ұлттық экономика министрлігі де өз көзқарасын білдірді. Ондағылардың айтуынша, Қазақстан Кеден одағы елдеріне келетін импорт тауарларды тексеруді күшейтуге қарсы емес. Алайда, импорт пен экспортқа қатысты еліміздің өз саясаты бар. Оған ешқандай санкция әсер етпеуі керек.