Қытайлық миллионер барлық дүние-мүлкін халыққа таратып, лашықта тұрып жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 487.17
  • 565.65
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қытайлық миллионер барлық дүние-мүлкін халыққа таратып, лашықта тұрып жатыр

Қытайлық миллионер барлық дүние-мүлкін халыққа таратып, лашықта тұрып жатыр

38 жастағы Лю Цзинчонг Қытайдың  ісі жүріп тұрған ең ірі кәсіпкері әрі мультимиллионері болды. Алайда ол бір күні барлық дүние-мүлкінен бас тартып, қарапайым лашықта өмір сүруді қалады. Оның түсінігінше, бақытты байлыққа сатып алу мүмкін емес. 

  • 26 Қараша 2014
  • 387
Фото - Caravan.kz

Оның бұндай қадамға баруына Людің досымен бірге саяхаттап жүріп жол апатына түсуі себеп болды.

«Иә, мен көп ақша таптым. Сондай-ақ ол өмірім өзіме ұнайтын еді. Алайда қазір бәрі де өзгерді. Менің досыммен Цинхай провинциясында жол апатына түсуім өмірімді түбегейлі өзегртті», — дейді кәсіпкер ағынан жарылып.

Қазір Лю Цзинчонг қарапайым ғана лашықта тұрып жатыр.

Лю жол апатынан кейін буддистік философияны оқуға  толықтай ден қояды, ал бұл жерде материалдық жағдай адамға көп қайғы-қасірет алып келеді деп үйретеді. Нәтижесінде кәсіпкер өмірін өзгертуге бел буады.

«Мен барлық дүние-мүлкімді таратып бердім. Оның ішінде 8 автокөлік, жекеменшік үй, қала сыртындағы үйлер болды. Қазір мен кішкентай лашық сатып алып, сонда тұрып жатырмын. Бұл жерде мен  діни мәтіндерді оқимын», — дейді ол.