Шетелге қарағанда Қазақстанда органдарды ауыстыру арзанға түседі - kaz.caravan.kz
  • $ 487.17
  • 565.65
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шетелге қарағанда Қазақстанда органдарды ауыстыру арзанға түседі

Шетелге қарағанда Қазақстанда органдарды ауыстыру арзанға түседі

Шетелге қарағанда Қазақстанда органдар мен тіндерді ауыстыру құны біршама арзанға түседі.

  • 26 Қараша 2014
  • 736
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ҚазАқпараттың ресми сауалына орай ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінен мәлім етті.

«Мәселен, Қазақстанда жілік майын алмастыру 31 мың АҚШ долларын, ал шетелде 120-дан 280 мың АҚШ долларына дейін, жүрек трансплантациялау 90-95 мың АҚШ долларын, шетелде 150-450 мың АҚШ долларын, бүйрек алмастыру 17,5-24,5 мың АҚШ долларын, шетелде 40-50 мың АҚШ долларын, бауыр алмастыру 35-45 мың АҚШ долларын, шетелде 120-150 мың АҚШ долларын құрайды», — делінген ведомство жауабында.

Сондай-ақ министрлік ақпаратына қарағанда, Қазақстан аумағында жүрген шетелдіктер қоршаған ортаға қауіп төндіретін ауыр ауруға душар болған жағдайда медициналық көмектің тегін кепілдендіріген көлемі аясында ақысыз дәрігерлерге қара алады. Сонымен қатар олар жіберген тараптардың, азаматтардың жеке қаржысы, кәсіпорындардың, ұйымдардың  қайырымдылық жарналары есебінен де ақылы медициналық көмекке жүгінуге мүмкіндіктері бар.