Павлодар облысында автобус жүргізушісі екі жолаушыны боранда далада қалдырған - kaz.caravan.kz
  • $ 491.37
  • 570.48
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодар облысында автобус жүргізушісі екі жолаушыны боранда далада қалдырған

Павлодар облысында автобус жүргізушісі екі жолаушыны боранда далада қалдырған

Павлодар облысында құтқарушыларға боранда далада қалып қалған екі жергілікті тұрғынды құтқаруға тура келді.
Сәрсенбіде таңғы бес шамасында жол нашар көрінгендіктен, рейстік автобустың жүргізушісі ауылдарды шатастырып алып, екі жолаушыны Қалқаман ауылына жақын жерге түсіріп кеткен.

  • 26 Қараша 2014
  • 579
Фото - Caravan.kz


Олардың барар жері Ленинский ауылынан жүз шақырым жерде болатын, деп хабарлады  облыстық ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен.
Бораннан ештеңе көрмегей, бөтен ауылдың қасында қалғанын түсінген жолаушы құтқару қызметіне телефон соққан.
Құтқарушылар ол орынға жедел түрде жетіп, үсіп қала жаздаған жолаушыларды ауылдарына жеткізген. .