Синоптиктердің болжамдарына қарағанда, 27-қараша күні батыс аймақтарды есепке алмағанда елдің бүкіл дерлік аумағында қар жауады, солтүстікте боран тұрып, желдің жылдамдығы секундына 13-20 метр болмақ.Республиканың оңтүстігінде- тұман, жер тайғақ болады.
Сосын екі тәуліктей қар жаумайды, артынан ауа -райы түнде тағы да 22-27 градусқа дейін төмендейді, кей жерлерде -30-35 градус аяз болады, оңтүстікте нолден 10-20 градус төмен.
Синоптиктер атап өткендей, осы кезең үшін ауа- райының бұл температурасы климаттық нормадан 3-8 градусқа төмен. Күз екендігіне қарамастан, тіпті оңтүстік облыстарда қар қалыңдығы 3-15 см жетпек.