"Самұрық-Энерго" компаниясы IPO-ға 2015 жылы шықпақ ойы бар - kaz.caravan.kz
  • $ 491.37
  • 570.48
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Самұрық-Энерго" компаниясы IPO-ға 2015 жылы шықпақ ойы бар

"Самұрық-Энерго" компаниясы IPO-ға 2015 жылы шықпақ ойы бар

Қазақстанның ірі "Самұрық-Энерго" компаниясы жекешелендіру бағдарламасы шеңберінде құрылымына кіретін 11 активті сатпақ,

  • 26 Қараша 2014
  • 673
Фото - Caravan.kz

деді компания басқармасының төрағасы Алмасадам Сатқалиев.

"Жекешелендірудің бірінші кезеңінде сатудан шамамен 196 млн доллар табыс болады деп күтіп отырмыз, жекешелендірудің екінші кезеңі барысында 1 млрд долллар пайда алмақ ойымыз бар, олар біздің инвестициялық бағдарламаларымызды жүзеге асыруға бағытталады және тарифтің тұрақтылығын, салықтық жүктеменің төмендетілуін қамтамасыз етеді", деді ол Астанада сәрсенбіде баспасөз мәслихатында.

Ол компанияның IPO-ға 2015 жылы шықпақ ойының бар екендігін растады.


Алдында хабарланғандай, Қазақстан үкіметі 2015 жылы "Халықтық IPO" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде сатуға "Самұрық-Энерго" АҚ-ның 20-25 пайыз акциясын шығармақ.