деп хабарлады компания басқармасының төрағасы Алмасадам Сатқалиев.
"Кәсіпорындарымыз бойынша табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау агенттігіне өтініш бердік. Ойымыз тарифті 7-8% көбейту, тарифтеріміздің деңгейі бойынша мемлекет тарапынан әділ де әлеуметтік жауапкершілігі бар шешім күтеміз", деді ол Астанада сәрсенбіде баспасөз мәслихатында.
Ол атап өткендей, келесі жылдың электр энергиясы бағасын айқындайтын елеулі факторлар биыл байқалып отыр.
"Мәселен, Ақтөбеде көтерме газдың бағасы 5 есеге артқан, Алматыда екі есе жоғары болды, қажетті кіріс деңгейін қамтамасыз етуге байланысты және ауқымды инвестициялық бағдарламаны жүзеге асыру қажет болғандықтан KEGOK тарифі артты. Бұл факторлар тұтас алғанда тұтынушыға қатысты электр энергияның түпкілікті бағасына әсер етпей қоймайды", деді ол.