Шара Тұңғыш Президент қорының ғимаратында өтеді. Қазір мұнда қызу дайындық жүріп жатыр. Ұйымдастырушылар еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған 60-қа жуық туындыны жайғастыруда. Бұл көрменің басты ерекшелігі — арасында бұған дейін көзге түспеген, құпия ұсталып келген туындылар бар. Мерекелік шара 28 қарашада ашылады. Көрмені бір апта бойы Астана тұрғындары мен қонақтары тамашалай алады.
Сағындық Нұраханов, Тұңғыш Президент қорының атқарушы директоры:
-Әрбір туынды көрерменге өте қызық болады деп ойлаймын. Қазірдің өзінде келемін деушілер көп. Елордадағы мектеп, оқу орындарынан жаппай өтініш түсіп жатыр.