Елбасы білім алған бұл мектеп қазір мұражайға айналған. Мұнда Назарбаевтың мектеп кезінде және отбасымен бірге түскен суреттері мен түрлі бұйымдар сақталған. Мәселен, мына суретте кішкентай Нұрсұлтан отбасымен бірге тұр. Осы кезде ол бірінші сыныпқа барған екен. Болашақ Президент сабақты жақсы оқумен қатар домбыра, баян, мандолин сияқты аспаптарды да тарта білген. Десе де, Елбасы жайында білмекке келген жеткіншектерді Назарбаевтың мектеп бітіргендегі табелі көбірек қызықтырды. Онда кілең бестіктің арасында орыс тілі мен әдебиетінен жалғыз 4 деген баға тұр. Осындай экскурсия Елбасының қолдауымен бой көтерген университетте аяқталды. Мұнда арнайы бұрыш ашылды.
Еркін Ысрайылов, Қарасай аудандық білім беру қорының атқарушы директоры:
-Бұл ұсыныс осы Сүлейман Демирель университетінің жастарынан түсті. Біздің қор оны қолдап, осы шараға байланысты біраз сыйлығымызды бердік. Кітаптар, Елбасы жайында және профессорлық мантия.