Астанада 1 желтоқсанда басты шыршаның шамдары жағылмақ - kaz.caravan.kz
  • $ 491.37
  • 570.48
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада 1 желтоқсанда басты шыршаның шамдары жағылмақ

Астанада 1 желтоқсанда басты шыршаның шамдары жағылмақ

Тура 5 күннен соң елімізде Жаңа Жылды тойлау ресми түрде басталмақ. Себебі 1 желтоқсан Тұңғыш Президент күніне орай, Астанада ең басты шыршаның шамдары жағылмақ. Оны атаулы датаның иесі, Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі қосады.

  • 27 Қараша 2014
  • 236
Фото - Caravan.kz


Бірақ тарихта бірінші рет, басты шырша мекен-жайын өзгертіп отыр. Ол әдеттегідей, Ақорданың маңайына емес, биыл  Опера және Балет театрының алдына  орнатылып жатыр. Жаңасын алуға артық ақша жұмсалмаған. Себебі бұл жолы да 2 жыл бұрын сол Ресейден әкелінген, биіктігі 25 метрлік   жасанды ағаш құрылуда. Оны безендіруге, 10 мың әшекей мен 2 мың ойыншық ілінбек. Алып шыршаны жел ұшырып әкетпес үшін мықтап бекітілуде. Бұдан бөлек, қазір Елорданың орталықтарына жаппай шырша орнатыла бастады.