Ресейде жолаушылар ұшақты итеріп оталдырды - kaz.caravan.kz
  • $ 491.37
  • 570.48
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ресейде  жолаушылар  ұшақты итеріп оталдырды

Ресейде жолаушылар ұшақты итеріп оталдырды

Естімеген елде көп! Ресейде бір топ жолаушы Ту-134 ұшағын қолмен итеріп оталдырды. Сақылдаған сары аязда шассиі қатып қалған алып техниканы ұшақ ішіндегілер жабылып орнынан жылжытқан.

  • 27 Қараша 2014
  • 222
Фото - Caravan.kz


Ұшақ Икарка қаласынан Красноярскіге ұшуы тиіс болған екен. Алайда, әне-міне әуе көтерілейін деп тұрған тұста доңғалағы үсіп, оны орнынан қозғалту үшін жолаушылар түгел ұшақтан түсіпті. -52 градустық аязға қарамастан бір топ жігіттер білек күшімен 47 тонналық техниканы орнынан жылжытты. Қатып қалған шасси көп ұзамай іске қосылып, «күші тасыған» жолаушылар діттеген жерлеріне ұшып кетті.