Петропавлда қаңғыбастың басына бақ қонды - kaz.caravan.kz
  • $ 491.37
  • 570.48
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Петропавлда қаңғыбастың  басына бақ қонды

Петропавлда қаңғыбастың басына бақ қонды

Талай жыл көше кезіп өмір сүрген петропавлдық Родион Гаген туған-туыстарына оралатын болды. Атақты суретшінің аттасын Ресейде тұратын қызы мен бұрынғы  әйелі қолдарына алатын болыпты. Бір-бірін 20 жылдан бері көрмеген туыстар қазір кездесуге асығып жүр.

  • 27 Қараша 2014
  • 378
Фото - Caravan.kz

Родион Гаген туралы біз екі жыл бұрынғы хабарымызда айтқан болатынбыз. Қаладағы ірі кәсіпорын маңына жайғасқан қаңғыбасты сол кезде оның жұмысшылары тамақтандыратын. Кезекті рет ауруханаға түскен ол емдеу мекемесінен шыққан соң қаладағы шіркеулердің біріне  барыпты. Сол жерде Андрей Архипов деген қайырымды жанмен танысқан. Родионды қатты аяған  жігіт оны үйіне алып келген.

Андрей Архипов, Петропавл қаласының тұрғыны:

-Оны біз жуындырып, бит, сіркеден тазарттық. Көшеде жүрген адам болғасын солай болады ғой.  Ауруханаға тіркедік, денсаулығын тексерттік. Қазір ем қабылдап жүр. Бізде тұрғанына бір жарым жыл болды. Бауыр басып та үлгердік.

Родион Гаген кезінде Тәжікстанның дәулетті жандарының бірі болған екен. Бар байлығынан айырылып қалғанда, Петропавлда тұратын шешесіне келген. Алайда ол маскүнем баласынан теріс айналып, қызымен бірге Германияға көшіп кетіпті. Содан бастап көше кезіп өмір сүрген.

Родион Гаген:


-Өз басым отбасым  маған қол ұшын созады дегенге сенбедім. 20 жыл бұрын әйелім мен  осы  қызымнан теріс айналып, басқа келіншекпен көңілім жарасып еді.  Содан бері менде 4 азаматтық неке болды. Қазір солардан туылған 4 ұлым бар.  Бірде бірі қарайласқан жоқ. Қыз бала қашан да ата-анасына жақын болады дегені  рас екен ғой.

Гагеннің қызы Ресейдің Новороссийск қаласында тұрады екен. Тұрмыс құрған,  екі баласы бар. Әкесімен кездесуді асыға күтіп жүргенін бізге скайп арқылы  жеткізді.

Инна Гаген, Р.Гагеннің қызы:

-Күнде анам екеуміз жылаймыз. Оның бұлайша қаңғыбас болып кеткенін білмедік қой. Мен әкемді 20 жылдан бері көрген жоқпын. Балаларым қазір өмірі көрмеген аталарын күтіп жүр. Кездесуге асықпыз.

Гагеннің ғаламтор арқылы қызын тапқанына бір жылдан асыпты. Осы уақытқа дейін құжаттарымды ретке келтірдім дейді. Енді айналасы он  шақты күннің ішінде ол Ресейдегі туыстарына аттанады.