Алматыда жауған қалың қар қозғалысты тұралатып тастады - kaz.caravan.kz
  • $ 491.37
  • 570.48
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда  жауған қалың қар қозғалысты  тұралатып тастады

Алматыда жауған қалың қар қозғалысты тұралатып тастады

Алматыда небәрі бір тәулік ішінде 100-ден аса көлік апатқа ұшырады. Табан асты жапалақтап жауған қардың салдарынан жол қозғалысы бірден қиындап, тіпті 1 жүргізуші мерт болды.

  • 27 Қараша 2014
  • 263
Фото - Caravan.kz

Желтоқсанға дейін жылы ауа-райына еті үйренген алматылықтар қыстың мұндай тосын мінезіне дайын болмаса керек. Небәрі бір тәулік ішінде қала ішін қалың қар басып қалды. Салдарынан көшеде шыққан жұрт шетінен сүрініп, жазатайым құлап жатыр. Таңнан бері аурухана іші де кісіге толып қалған. Төсекке таңылғандардың көбі – көктайғақта қол-аяғын сындырып алғандар.  Жедел-жәрдемдегілер де «адамдарды тасып үлгере алмай жатырмыз» дейді. Өйткені осындай алып мегаполиске тек 150 көлік қана қызмет көрсетіп жатыр екен. Ал табан асты жауған қар онсыз да телефон тұтқасында тынымсыз қоңыраулар қабылдаған қызметті мүлде титықтатып жіберген.


Нұржан Әбіләкімұлы, Алматы қаласы жедел жәрдем станциясы бас дәрігерінің орынбасары:

-Ауа-райы күрт өзгерген кезде, жер тайғақ болса жолаушылар немесе жаяу жүргіншілер өте сақ болғаны дұрыс. Жолда қарау керек, бағдарлау керек, бағалау керек. Өйткені, кез-келген жарақат немесе кез-келген көлік оқиғасында мерттіккен жағдайлар да болды.