Ауруды жұқтырған және қаза тапқандардың басым бөлігі бұрынғыдай Африканың үш елінде — Гвинея, Либерия мен Сьерра-Леоне жерлерінде болып отыр.
ДДСҰ Гвинеядағы жағдайды «тұрақты» деп бағалап отыр. Ал Либерияда «тұрақты немесе азаюда». Сондай-ақ мамандардың пікіріне қарағанда, Сьерра-Леонеде аурулардың саны әлі де артуы мүмкін, деп жазады шетелдік БАҚ.