Семейдің шенеуніктері диктант жазып жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 491.37
  • 570.48
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейдің шенеуніктері   диктант жазып жатыр

Семейдің шенеуніктері диктант жазып жатыр

Семейдің мемлекеттік қызметкерлері мектеп оқушылары сияқты диктант жазды. Қаладағы тілдерді оқыту орталығы осылайша шенеуніктердің қазақ тілін қаншалықты меңгергенін тексерді.

  • 2 Желтоқсан 2014
  • 478
Фото - Caravan.kz

Әкімдікте өткен шараға қызметкерлер өз еркімен қатысқан. Десе де тәртіп қатаң. Көрші отырғаннан көшіруге, тіпті көмек сұрауға да мүмкіндік берілмейді. Диктант мәтіні ретінде газет бетінде жарық көрген ұлтжандылық  тақырыбындағы мақаладан үзінді алынды. Бір айтары, шараға өзге ұлт өкілдері де қатысты. Нәтижесінде диктант жазғандардың басым бөлігі «жақсы» деген бағаға қол жеткізді. Бірен-саран қызметкер үтір, нүкте қоюдан жаңылды. Ұйымдастырушылар шенеуніктерді енді жыл сайын тексермек. Алған баға қызметке еш әсер етпесе де, білім деңгейін сараптау артықтық етпейді,- дейді олар.


Олжас Соғымбаев, Семей қалалық тілдерді оқыту орталығының директоры:

-Біздің орталыққа келіп, білімін тереңдетуге ынта білдірген азаматтарды ғана біз диктантқа жібере аламыз. Себебі кез келген мемлекеттік қызметкерді кіргізетін болсақ, диктанттың мәні де, мазмұны да жоғалады. Тек білімін тереңдету курсына қатысып жүрген қызметкерлерді жібереміз.