Талдықорғанда жойқын жарылыстан қираған үйді шенеуніктер жөндеп беруге уәде етті - kaz.caravan.kz
  • $ 491.37
  • 570.48
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Талдықорғанда жойқын жарылыстан қираған үйді шенеуніктер жөндеп беруге уәде етті

Талдықорғанда жойқын жарылыстан қираған үйді шенеуніктер жөндеп беруге уәде етті

Талдықорғанда екі қабатты тұрғынүйде газ жарылып, 7 адамның өмірі қиылды. Тағы сегізі түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілген. Араларында бірнеше бала бар. Болжамдарға қарағанда, екінші қабаттағы пәтерлердің бірінде баллондағы газ атылыпты. Жойқын жарылыстан бүтін бір үйдің қабырғасы опырылып түскен. Оқыс оқиға себептері арнайы сараптамадан кейін анықталмақ. Қауіпсіздік ережесін сақтамады деген баппен қылмыстық іс те қозғалды. Ал ақ қар, көк мұзда далада қалған басқа тұрғындар жатақханаға уақытна орналастырылған. Жергілікті билік қираған үйлерін бір ай ішінде толығымен жөндеп беруге уәде етіп отыр.

  • 2 Желтоқсан 2014
  • 283
Фото - Caravan.kz

Оқыс оқиға сенбіден жексенбіге ауған түні болды. Түнгі 12-лер шамасында екінші қабаттағы пәтерде газ баллоны атылып, екі қабатты үйдің бір беті толығымен опырылған. 5 пәтердің бөлмеаралық қабырғалары мен есік-терезелерінің сау-тамтығы жоқ. Жойқын жарылыс болған кезде көппәтерлі үй тұрғындарының алды шырт ұйқыға кеткен екен. Оның үстіне жарылыс болған пәтер иесі сол күні қонақ күтіпті. Кісі шығы көп болуының себебі де сондықтан. Жеті адам бақилық болды. Оның біреуі кішкентай бала.

Апаттан соң полиция, жедел-жәрдем мен құтқарушылар дереу жеткен. Бірақ бетон құрастырмаларды автокрансыз көтеру мүмкін болмай, бір сағатқа жуық арнайы техниканы күтуге тура келіпті.

Любовь Иванова:

-Түнде кім нені біле алады. Барлығы тек қатты дыбысы естіді. Болды өзге ештеңе айта алмаймын. Барлығымыз қорқып, сыртқа атып шықтық. Іште отыра бермейміз ғой.

Қазіргі таңда үйінділерді тазарту жұмыстары жалғасуда. Ал жарақат алған 8 адамның үшеуі алғашқы медициналық көмектен соң жіберілген. Екі ересек адамның бірнеше мүшесіне зақым келіп, қазірге дейін жансақтау бөлімінде. Тағы үш бала аурухана кереуітіне танылды.

Марат Досқалиев, Алматы облыстық балалар ауруханасының директоры:

-Бір бала 6 айлық, екінші бала бір жас 9 айлық, үшінші бала 16 жас шамасында. Алып келгенде жағдайлары нашар болған. Жансақтау бөлімінде 6 айлық бала жатыр. Жағдайы бірқалыпты. Кішкене суық тиген, содан кейін басына зақым тиген, сынықтан аман.

Үйдің ішінде қалған дүние-мүліктің тоналып кетпеуі үшін қазір полицейлер күндіз-түні кезекшілік етуде. Ал облыстық бюджеттен марқұмдардың туыстарына 1 миллион теңге, ал жапа шеккендер бес жүз мың теңгеден материалдық көмек көрсетілмек.


Ғалиасқар Сарыбаев, Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары:

-Қажет болып жатқан кезде керекті киім кешек, жағдайларына байланысты түгел нәрсе жинақталып дайын тұр. Егер сұрап, керек болып жатса беретін боламыз. 12 пәтерде 34, жоқ 32 азамат тұрып жатты.

Анықталғанай кезінде жергілікті кәсіпорындардың бірінде жұмыс істейтіндерге берілген осындай үйлер кейін жеке-меншікке өтіпті. Бірақ уақытында көгілдір отын, орталық жылу жүйесі мен су құбырлары жүргізілмеген. Сондықтан жұрт ауызсуды сырттан тасып, үйді көмірмен жылытқан екен. Басқа уақыттарда газды баллондарын пайдаланыпты. Дегенмен, жарылыстың себебі осы баллон ба, әлде басқа ма нақтысы арнайы сараптамадан кейін аталмақ.

-Еріксіз ашық аспан астында қалған еркіндіктерді алғашқы уақытқа паналайтын жер табылған. Оларға Талдықорған қаласындағы колледждердің бірінде орын дайындалыпты. Бірақ тек бір адам ғана осында келген, өзгелері туған-туысты жағалауды жөн көріпті. Ал жауаптылар болса екі күн ішінде өзіндік қорытынды жасап, бір бүйірі толығымен қираған үйді қалпына келтіруге болады деп отыр. Тіпті жөндеу жұмыстарының шығынын облыстық әкімдік өз мойнына алып, жаңа жылға дейін аяқтаймыз дейді. Ал жарылыстан қаза тапқан адамдарды жерлеу рәсімі ертең өтпек.